Қырғыз парламентінің депутаты Акылбек Жапаров азаматтарға бірнеше елдің азаматтығын алуға мүмкіндік беретін заң қабылдауды ұсынды.
«8-10 елдің азаматтығын алуға болады, бірақ ол өз елінің азаматтығынан айрылмайды. Мысалы, Израиль осылай жасайды. Оның азаматтары кез келген елдің азаматтығын ала алады, бірақ өз елінің азаматы болып қала береді», — деді ол.
Қырғызстан заңдары республика азаматтарына бір ғана азаматтық алуға рұқсат етеді. Басқа елдің азаматтығын қабылдаған жағдайда, қырғыз паспортынан бас тартуға тура келеді.