Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанның солтүстігінде жергілікті тұрғындар Шыралжын алтын кенін жабуды талап етті

Қырғызстанның Талас облысы Бақай Ата ауданына қарасты Май ауылының тұрғындары 14 наурызда Шыралжын алтын кенін жабуды талап етіп, наразылық акциясына шықты.

Азаттық радиосының Қырғыз редакциясы тілшісінің хабарлауынша, тұрғындар алтын кенінде адамдардың жоғалып кетуіне алаңдайды. Атап айтқанда, 34 жастағы Рамис Тотонов 31 қаңтарда жұмысқа шыққан, бірақ сол күйі үйіне оралмаған. Оны іздеп таба алмаған. Екі баланың әкесі алтын кенінде екі жарым жыл жұмыс істеген.

Жергілікті милиция жұмысшының жоғалғанын растады. Бұның алдында 27 жастағы ер азамат тастардың астында қалған.

Шыралжын алтын кені Бақай Ата ауданындағы Боо-Терек ауылында орналасқан. Кенді «Глобал Шыралжын майнинг» компаниясы игереді. Онда шамамен 300 адам жұмыс істейді.

centralasian.org

Exit mobile version