Фото: quibbll.com
Ян заңды некесінің алдында ісіп тұрған қабағына қатысты сұрақпен пластикалық хирургқа барады. Ал дәрігер оны ринопластика жасатуға көндіреді (мұрынды қалпына келтіру немесе түзету отасы).
Фото: quibbll.com
Хирург ұсынған отаның құны 9 000 мың АҚШ долларын құрайды. Отаға келіскен әйелге айтылған соманы бірден емес әрбір косметологиялық процедурадан өткен сайын бөліп төлеу ұсынылады.
Алайда отадан кейін түрін алғаш рет көрген әйел өз көзіне өзі сенбей есеңгіреп қалады. Ол дәрігер уәде берген қыр мұрынның орнына танауының екі тесігін көреді.
Фото: quibbll.com
Клиника дәрігерлері бір айдан кейін жіберген қатесін түзету үшін қалыңдыққа қайта ота жасайды. Алайда нәтижесі өзгеріссіз қалады.
Далаға шығудан қалған қытайлық бойжеткен осы отадан кейін өзінің түрін «доңызға ұқсатқан».
Фото: quibbll.com
Ал қытайлық қалыңдықты осындай күйге түсірген дәрігерлер кінәсын мойындамай отыр. Олар тіпті 5-6 айдың көлемінде қыздың мұрнын қалпына келтіреміз деп отыр.
Алайда Ян клиниканы сотқа беріп, келтірген шығыны үшін 44 500 мың АҚШ долларын талап етіп отырып. Ақша оған Huamei Zixin дәрігерлері жіберген қателікті түзету үшін қажет екен.