Site icon KAZAKBOL

Қызы қалаған оқуына түсе алмай қалған тележүргізуші өкініштен жылап жібере жаздады (видео)

Отандық танымал тележүргізуші Әсел Акбар «Алтын белгі» иегері атанған қызының өзі қалаған мамандыққа түсе алмай қалғанын айтып, ренішін жасырмады. Ол БҒМ бүгін жарияланған тізіміне қатысты наразылығын білдірді.

Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

Оның айтуынша, биыл мектеп бітірген қызы осыған дейін тек қана беспен оқып келіп, «Алтын белгі» иегері атанған. Осылайша ол бұл марапатын ҰБТ-да да дәлелдеп шығып, 117 балл алған.

Өзі армандаған ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» бөліміне грантқа өтіп тұрған. Алайда балалары грантқа өтпей қалған көптеген наразы болған ата-аналардың бастамасымен БҒМ жаңадан қайта қарап, тізім бекіткен. Дәл осы тізімде оның қызы өзі қалаған оқуына түсе алмай қалған.

«Алайда қызым енді «Әлемдік экономика» емес «Туризм» бөліміне түскен. Онда осы күнге дейін, он бір жыл бойы бес алып жүрген балалар неліктен «Алтын белгіні» алу үшін жанталасуы керек? Кейін оқуға түсу кезінде осылайша лақтырып тастау үшін бе? Аяғына дейін жасалмаған жүйе ме сонда бұл?

Түсінбеймін. Осы туралы не айтасыз? Балалары оқуға түсе алмай қалған ата-аналарды түсінемін. Алайда он бір жыл беске оқып, «Алтын белгі» алған менің баламның не кінәсі бар?!», — деп налыды ол.

Еске салсақ, өткен аптада жария болған грант иегерлерінің тізіміне ата-аналар наразы болып, үлкен шу шыққан болатын. Осыған орай, Білім министрі Сағадиев тізімді қайта қарауға уәде беріп, бүгі таңертең білім гранттары иегерлерінің жаңа тізімі шыққан болатын.

Nur.kz

Exit mobile version