Site icon KAZAKBOL

Қызылорда облысында ұшты-күйлі жоғалған балықшылардың сүйектері табылуда

Кадр 31 арна

Қызылорда облысында бір апта бұрын балық аулауға шығып, ұшты-күйлі жоғалып кеткен балықшылардың әр жерде шашылған сүйектері біртіндеп табылып жатыр деп хабарлайды 31 арна.

Өйткені, жергілікті тұрғындарының айтуынша, өзенге қайықпен шыққан азаматтар мұзды жармақ болғанда, жарылғыш заттан өздері де жарылып кеткен сияқты.

Жарылыстың қатты болғаны соншалық, адамдарды айтпағанда, темір қайықтың өзін бөлшектеп тастаған. 13-ші желтоқсанда құтқарушылар суға кеткен азаматтардың киімдерін тапты.

«Енді қазіргі таңда сол қайықтың бөлігінің жартысы табылды. Ертеңіне жартысы табылды. Одан бөлек балықшылардың сүйектері табылып жатыр. Жұмыстар жалғасып жатыр, әлі тоқтаған жоқ», — дейді Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Мейрамбек Доспенбетов.

Құтқарушылардың сөзінше, екі тұрғын балық аулауға заңсыз шыққан. Және де балықшылар балық аулау кезінде мұзды жару үшін жарылғыш заттарды пайдалануға болмайды дейді. Ал тәжірибелі балықшылар балық аулаудың өзіндік тәртібін ұстанған жөн екенін айтады.

Exit mobile version