Site icon KAZAKBOL

Заманауи биден жастарды шаң қаптырған әже желіде жұлдыз болды

Ресейдің Сыктывкар қаласында өткен концертте егде жастағы кейуана 80-жылдардың танымал хит әніне жастардан қалыспай билеп, желіде жұлдыз болды.

Ottawan диско тобының әніне билеп тұрған зейнеткердің видеосы әлеуметтік желіні шарлап кеткен. Кейуананы ауылдастары бірден танып қойды. Айтуларынша, биші әжей концертті көру үшін арнайы Усть-Куломск ауылынан келген екен.

Көңілді кейуана көпшілікті тәнті етіп, ел сүйіспеншілігіне бөленді.

Nur.kz

Exit mobile version