Site icon KAZAKBOL

Өзбек-қазақ шекарасында жүздеген жүк көлігі өте алмай тұр

Наурыз айының басынан бері жүздеген жүк көлігі Қазақстаннан Өзбекстанға өте алмай тұр. Көлік жүргізушілердің хабарлауынша, өзбек аумағына Ресейдің азық-түлігі тиелген автокөліктер ғана жіберілген.

Өзбекстан мемлекеттік кеден комитетінің мәлімдеуінше, жүк көліктерінің ел аумағына кіруге ешқандай кедергі жоқ. Қазақ тарапы жүк көліктерінің көптеп тұрып қалуына техникалық мәселелер себеп болды деп хабарлаған.

11 наурызда өзбек-қазақ шекарасындағы «Қазығұрт» бақылау-өткізу бекетінде шамамен 300 жүк көлігі Өзбекстанға кіре алмай тұрды.

«Мен шекараға 5 наурызда келдім, бірақ менің алдымдағылардың кезегі әлі келген жоқ. Алты тәулік бойы мәшинеде тамақ жасап, осында түнеп жүрміз. Мұнда жалғыз әжетхана бар, оны да ақылы жасап қойды», — деді өзбекстандық көлік жүргізушілерінің бірі.

Ресми мәлімет бойынша, өзбек-қазақ шекарасында алты кеден бекеті бар, солардың бесеуінен жеңіл және жүк көліктері ешқандай кедергісіз өтіп жатыр.

centralasian.org

Exit mobile version