«Өзбекстан 24» телеканалының танымал жүргізушісі Мавжуда Мирзаева мемлекеттік каналдағы цензура жайында мәлімдеді.
«Өкінішкен қарай, өзбек телеарналарында цензура өте күшті. Біз ескі жүйемен жұмыс істейміз, ештеңе өзгерту мүмкін емес. Президент біздің тез, оперативті жұмыс істегенімізді қалайды. Бірақ материалдар бірнеше сағат бойы тексеріледі. Біз сөз бостандығы жайында айтамыз, бірақ цензура бар», — дейді жүргізуші.
«Біз көптеген инвесторлармен сұқбат жүргіземіз, бірақ мазмұнын өзгертеміз. Мысалы, инвестор «проблема бар, бірақ біртіндеп шешіліп жатыр» деп айтса, біз оны «мен Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаға таңдана қараймын» деп аударып береміз. Бұл өтірік емей, немене? Мұны адамдар білмейді деп ойлайсыз ба? Олар біздің өтірік алдап жатқанымызды біледі», — дейді Мирзаева.
«Өзімнің жұмысыма адал журналист ретінде менің сөздерім үшін жұмыстан қуып жатса, қорықпаймын. Көрерменнің алдында өзіңді кінәлі сезініп өткенше, жұмыстан кеткенім де жақсы», — деп есептейді Мирзаева.