Өзбекстанның әйел азаматына «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына бір миллион рубльден астам қаражат аударған деген айып тағылды. Бұл туралы Санкт-Петербургтің Бас тергеу басқармасы хабарлады.
«Әйел осының алдында ұсталған. Ол террористік әрекетті қаржыландыру бабымен айыпталып отыр. Оны қамауда ұстау мәселесі шешіледі», — деп хабарлады тергеу басқармасы.
Тергеу нұсқасы бойынша, 2016 жылдың маусымынан 2017 жылдың қазаны аралығында айыпталушы «ИМ» ұйымына мүше түрлі адамдардан ақша алып, он Түркиядағы өзінің жеке банк есебі арқылы аударған.
«Айыпталушы «ИМ» қажетіне шамамен бір млн рубль аударған», — делінген тергеу басқармасы таратқан ақпаратта.