Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан премьер-министрі көлік апатынан «жеңіл жарақат» алған

Премьер-министр Узбекистана Абдулла Арипов.

Өзбекстанның бас прокуратурасы елдің премьер-министрі Абдулла Арипов көлік апатына ұшырап, «жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады.

Бас прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, 20 тамызда «Қарасу – Бука – Бекабад» тас жолында, 92 шақырым жерде Damas маркалы көлігі игеріле алмай, қарсы жолға шығып, Mercedes-Benz маркалы көлікті соққан.

Апат салдарынан Mercedes-Benz көлігінде отырған Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов медициналық жәрдем қажет етпейтін жеңіл жарақат алған, ал оның орынбасары Алишер Султановтың сол жанбас сүйегі сынған, көкірек қуысының жетінші-тоғызыншы қабырғасы сынған және басы жараланған.

Мұнан бөлек, президент аппаратының жауапты қызметкері У. Курбоновтың оң иығының сүйектері жабық сынған, жүргізуші Р. Толипов те жараланған.

Ал Damas көлігінің жүргізушісі Б.Сайидов та жараланған. Олардың бәрі ауруханада емделіп жатыр делінген Өзбекстан бас прокуратурасы таратқан ақпаратта.

centralasian.org

Exit mobile version