Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан премьер-министрі шекара мәселелерін талқылау үшін Қырғызстанға барады

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов 18 желтоқсанда Қырғызстанның Ош қаласына барып, қырғыз үкімет басшысы Мұхаммедкалый Абылгазиевпен кездеседі.

Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел делегациясы шекара мәселелерін талқылайды.

«18 желтоқсанда Ош қаласында Өзбекстан шекаралас облыстары Кеңесінің басшылары мен Қырғызстан үкіметі шекаралас облыстарындағы уәкілетті өкілдерінің екінші отырысы өтеді», — делінген министрлік хабарламасында.

Бұл кеңес Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің 2017 жылы қыркүйекте Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған келісім негізінде құрылған.

Кеңестің алғашқы отырысы Ферғана облысында биыл 29-30 наурызда өтті.

centralasian.org

Exit mobile version