Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан тумасы Рахмат Акилов қалған ғұмырын Швеция түрмесінде өткізеді

Стокгольмдегі терактіге қатысты іс бойынша өмірлік жазаға кесілген Өзбекстан тумасы Рахмат Акилов жазасын Кумла түрмесінің ерекше бөлімінде өтейді.

Акилов қашып кетуі мүмкін деп санаған полиция оны Швецияның ең қатаң режимдегі түрмесіне отырғызды.

Терроршы басқа да жазасын өтеушілермен сөйлесе алмайды. Өйткені ол зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты көзқарасын басқаларға жұқтыруы мүмкін деген қауіп бар. Бұл туралы SVT швед телеарнасы хабарлады.

Биыл маусым айында Стокгольм соты Акиловты бес адамды өлтіріп, 119 адамды өлтіруге талпынды деп таныды.

centralasian.org

Exit mobile version