Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда адам саудасымен айналысып келген қылмыстық топ ұсталған

Самарқанд халықаралық әуежайында Түркияға жезөкшелікпен айналысу үшін бірнеше әйелді әкетіп бара жатқан топ ұсталған.

Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық топ 15 тамызда арнайы операция кезінде ұсталған.

«Самарқанд тұрғыны, қылмыстық топтың мүшесі Р.Б. есімді әйел Навои облысының үш жұмыссыз әйелін тауып, оларды Түркияда айлығы көп жұмыс тауып беремін деп алдап, шын мәнінде жезөкшелікке салу үшін, Түркияға жібермекші болған», – делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Р.Б. есімді әйелді ұстауға оның анасы көмектескен екен.

Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

centralasian.org

Exit mobile version