Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда ата-аналары шетелде жұмыста жүрген жас қыз зорланған

Фрагмент плаката против изнасилования.

Өзбекстанның Ферғана облысына қарасты Куканбай ауылында 18 қарашада бес жастағы қыз ауыл шетінде ес-түссіз жатқан жерінен табылды. Ауыл белсенділерінің бірі қызды зорлап кеткенін хабарлады.

20 қарашада Өзбекстан Бас прокуратурасы осы істі зерттеу үшін өкілін Учкуприк ауданына жіберген.

Прокуратураның хабарлауынша, қазір қызбен психолог жұмыс істеп жатыр.

Ферғана облыстық ішкі істер басқармасының қызметкері алдын ала тергеу аяқталғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалған. Оның айтуынша, қазір күдіктілерді тергеу жүріп жатыр, бірақ ешкім қамауға алынбаған.

Зорланған қыздың бір туысы оның ата-анасы жұмыс істеу үшін Қазақстанға кеткен, қызды қарт туыстары қарап келген. «Төрт күн бойы қызды таппадық. Оны ауыл шетіне ес-түссіз тастап кеткен. Қыз аудандық ауруханада үш күн жатты, сосын облысқа ауыстырды. Оның жағдайы ауыр», — деді ол.

Ферғана облыстық ауруханасындағы дәрігерлер бес жастағы қыздың жағдайы жақсара бастағанын хабарлады. «Оған сот медициналық сараптама тағайындалды», — деді дәрігер.

centralasian.org

Exit mobile version