Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда бөлшектенген екі мәйітке қатысты тергеу жүріп жатыр

Центр Чиракчинского района, иллюстративное фото.

Шілде айының басында Өзбекстанның Қашқадария облысы, Чиракчи ауданындағы «Эски анхор» каналында екі адамның денесінен бөлінген үш аяқ табылған. Бұл ақпаратты 23 шілдеде Азаттықтың өзбек қызметіне құқық қорғау саласында жұмыс істейтін дереккөз хабарлаған.

Ақпаратты растайтын құжаттарды дереккөз Telegram мессенджері арқылы жіберген.

Құжатта «Эски анхор» каналынан табылған танылмаған мәйіт мүшелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді делінген.

Сот-медициналық сараптама бюросының басшысы Зебо Рузиева мәйіттердің кім болғаны әлі анықталмады деп хабарлады. Ол тергеу ісінің құпиялығын алға тартып, қалған ақпаратты жария етуден бас тартты.

Алайда дереккөздің ақпараты бойынша, каналдан табылған дене мүшелер әйелдерге тиесілі. Ол мұнда қылмыстық әрекеттің іздері байқалады, бірақ құқық қорғау органдары өлім табиғи болуы мүмкін деп отыр дейді.

Қазіргі кезде мәйіт «қожайындарын» анықтау үшін ДНК сараптамасы тағайындалған.

centralasian.org

Exit mobile version