Өзбекстанның қорғаныс министрлігі бірінші рет республика бойынша Қарулы күштердің жаттығуын бастады деп хабарлайды РИА Новости аталған мекемеге сілтеме жасап.
«Өзбекстан президенті, Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерінің Жоғарғы қол басшысының бұйрығымен оқу дабылы басталды», – делінген хабарламада.
Әскери мекеменің хабарлауынша, жаттығу төрт кезең бойынша бес күнге созылады.
Осыған дейін Өзбекстан Қырғызстанға әскери жаттығу өткізгелі жатқанын ескертіп, нота жолдаған.
Global Firepower халықаралық ұйымының рейтінгісі бойынша, 2018 жылы әлемдегі ең күшті армиясы жағынан Өзбекстан 39-орынға шыққан. Былтыр 48-орында болған.