Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда мұғалімге азаматтық некедегі күйеуі балтамен шабуылдаған

Фото с сайта narodna-pravda.ua

Самарқанд облысы Каттакурган қаласындағы №11 орта мектептің мұғалімінге азаматтық некедегі күйеуі балтамен шабуылдаған. Әйел аман қалды деп хабарлады құқыққорғау органдары.

25 желтоқсанда таңертең мұғалім мектеп қақпасы алдында жатқан жерінен табылған. «Таңертең сағат 9-да даладан айқай естідік. Көшеге шыққан уақытта әріптесіміз қақпаның қасында қансырап жатқанын көрдік. Оның азаматтық некедегі күйеуі басынан балтамен ұрған. Өзі қашып кеткен», – деді Каттакурган мектебігін мұғалімі.

Қалалық ішкі істер бөлімінің тергеушісі Джалол Суюновтің хабарлауынша, күдікті қолға түскен.

«Ол үкім шыққанша қамауда болады. Қылмыстық іс қозғалды. Ол әйелді қызғаныштан балталамақ болған», — деді тергеуші.

Мұғалім аурухананың травматология бөлімінде жатыр.

«Ер азамат балтамен әйелдің бірнеше жерін жарақаттаған. Қазір оның жағдайы жаман емес», — деді дәрігер.

Exit mobile version