Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда әйелді қорлаған милиция қызметкеріне сот басталды

Самарқанда Каттакурган ішкі істер бөлімшесінің бұрынғы қызметкерінің үстінен сот басталды.

Биыл жазда милиция қызметкері болып жұмыс істеген Санат Умаров ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған екі әйелді тыр жалаңаш шешіндіріп, оны видеоға түсірген.

Бұл видеоны кейін құқық қорғау органдарында істейтін әріптесі Азаттықтың өзбек қызметіне жіберген. Видеоны жіберген адам екі әйелден ұрлады деген ақша табылмаған соң, ешқандай құжат толтырмастан, босатып жібергенін айтады. Ұсталған әйелдердің аты-жөндері де тіркеу журналына жазылмаған.

Кейін видео әлеуметтік желіге тарап кеткен соң, Санат Умаров қызметінен алынған. Оған қатысты қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен іс қозғалған.
centralasian.org

Exit mobile version