Ташкент облысының прокуратурасы заңсыз аборт үшін пара алған акушерді ұстады.
Бас прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, акушер төрт айлық баланы алып тастау үшін 1 млн. 400 мың сум (шамамен 170 доллар) пара алған.
Тексеру барысында Г.Х. есімді азаматтың жүктілік уақыты 16 апта екені анықталды. Заң бойынша, жүктіліук мерзімі 12 аптадан асқандарға аборт жасауға болмайды.
Акушер-гинекологқа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.