Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда заңсыз аборт үшін пара алған акушер ұсталды

Ташкент облысының прокуратурасы заңсыз аборт үшін пара алған акушерді ұстады.

Бас прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, акушер төрт айлық баланы алып тастау үшін 1 млн. 400 мың сум (шамамен 170 доллар) пара алған.

Тексеру барысында Г.Х. есімді азаматтың жүктілік уақыты 16 апта екені анықталды. Заң бойынша, жүктіліук мерзімі 12 аптадан асқандарға аборт жасауға болмайды.

Акушер-гинекологқа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Exit mobile version