Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда әжетханаға түсіп кеткен телефонды шығаруға талпынған үш адам қайтыс болды

Өзбекстанның Наманган облысында әжетханаға түсіп кеткен телефонды шығаруға талпынған үш адам улы газға тұншығып қайтыс болды.

Оқиға 26 наурызда түнде Папа ауданындағы үйлердің бірінде болған, деп хабарлады Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

Әжетхана шұңқырына мобильді телефонын түсіріп алған ер адам көршілерін көмекке шақырған. Ол қазылған шұңқырға түсіп, есінен танып қалған. Одан соң шұңқырға тағы екі ер кісі түскен. Екеуі де тұншығып өлген.

Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі мұндай жағдайда құтқарушыларды шақыруын сұрады.

centralasian.org

Exit mobile version