Site icon KAZAKBOL

Өзбекстандық Ресейде төрт жастағы баласын тірідей өртеген

Челябинск облыстық соты 30 қазанда Өзбекстанның 31 жастағы тумасына төрт жастағы баласын тірідей өртеп жібергені үшін үкім шығарды.

Бахром Дадаханов бірге тұратын әйелмен ұрысып қалған. Ашуға булыққан ол өзін, әйелді және төрт жастағы баласын өлтіргісі келген, деп жазды жергілікті ақпарат құралдары.

Сотталушы ауладағы автокөлігінен канистрге бензин құйып әкелген. Үйінде ол бензинді үстіне, әйелге, бөлмедегі жиһазға төккен. Өрт шыққан уақытта Дадаханов әйелмен бірге үйден қашып шыққан, ал олардың баласы өртенген үйде қалып қойған.

«Тергеу кезінде Дадаханов үйді басқа біреулер өртеді деген. Бірақ жәбірленуші тарап бұны жоққа шығарды», — деді Челябинск облысы прокурорының аға көмекшісіНаталья Мамаева.

Бахром Дадаханов 19 жылға сотталды, ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

centralasian.org

Exit mobile version