Site icon KAZAKBOL

Зеленский: Қытай Ресейге одақтас болса, жаңа дүниежүзілік соғыс басталады

Қытай Ресейге одақтас болса, жаңа дүниежүзілік соғыс басталады. Украина президенті Владимир Зеленский 20 ақпанда Die Welt неміс басылымына берген сұқбатында осылай деп мәлімдеді.

«Біз үшін бұл соғыста Қытайдың Ресейді қолдамағаны керек. Шынымды айтсам, оның біз жақта болғанын қалаймын. Алайда дәл қазір қалауымның орындала қоюы екіталай. Дегенмен Қытайдың не болып жатқанын дұрыс түсінуге мүмкіндігі мол. Қытай Ресейге одақтас болса, дүниежүзілік соғыс тұтанар еді. Қытай бұны түсінеді», — дейді Зеленский.

Украин басшысы Киев ядролық қарудан бас тартып, Будапешт меморандумына қол қойған кезде ҚХР Украинаның территориялық тұтастығын құрметтеуге уәде бергенін еске салды.

Зеленский көрші Молдовадағы даулы мәселеге де тоқталып, басқыншы Ресей тәуелсіздігін ешкім мойындамаған аймақты жаңа майдан ретінде пайдаланғысы келсе, Украина Кишиневке Приднестровье мәселесін шешуге көмектесуге дайын деп мәлімдеді. «Майя Санду ешқашан менен көмек сұраған емес, бірақ ниетіме рақмет айтты. Ол жағдайды жақсы түсінеді. Украина Молдоваға көмектесуге әрдайым әзір», — дейді украин басшысы.

Бұның алдында Кишинев Мәскеу Молдовадағы саяси жағдайды ушықтырып, Украинамен көрші елде жаңа жанжал ошағын жаққысы келеді деп мәлімдеген. Ресей президенті Владимир Путин болса Молдова үкіметін русофоб деп айыптаған.

Бұл уақытта, Мәскеу Қытай сыртқы істер министрін күтіп алуға дайындалып жатыр. Кремль Қытай компартиясы Орталық комитеті сыртқы істер жөніндегі комиссия басшысы Ван И Мәскеуде Владимир Путинмен кездесуі мүмкін деп мәлімдеген.

Қытай Ресейге қарсы халықаралық санкцияларға қосылған жоқ. Бір жылда Мәскеу мен Пекин арасындағы тауар айналымы едәуір артты. Қытай Ресей үшін энергетика ресурсын экспорттайтын басты мемлекеттердің біріне айналды.

Источник

Exit mobile version