Site icon KAZAKBOL

Өзгенің ақшасын бір жыл бойы «бермей жүрген» Алмас Кішкенбаев ел алдында масқара болды (фото)

Скриншот Facebook желісінен алынды

Танымал дубляж актері әрі диктор Азамат Қанапия Алмас Кішкенбаевтан бір жыл бойы қаламақасын ала алмаған айтып, реніш білдірді. Ол тіпті танымал әншінің «алаяқ» еместігіне шүбә келтіргенін айтты.

Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

«Армысыздар! Мына бауырым алаяқ па, қалай? Қаламақымды бермей түлкі бұлаңға салып, алдап жүр, бір жылдан асты. Алмас ұят қайда? Жазбасыма болмадың, менікі де ыңғайсыз, әрине. Бірақ амал не?», — деп наразы болды ол.

Ал Кішкенбаевтың директоры Заңғар болса бұл жайт туралы ешнәрсе білмейтінін айтты. Алайда әншіден анық-қанығын біліп беруге уәде берген ол телефон тұтқасын көтермей қойды.

Exit mobile version