Site icon KAZAKBOL

Жүзім тасыған тәжіктің 50 жүк көлігі Ресейге кіре алмай тұр

Тәжікстаннан Ресейге жүзім тасыған 50-ге тарта жүк көлігі он күннен бері «Сагарчин» (Орынбор) және «Троицкий» (Челябинск) кеден бекеттерінен өте алмай тұр.

Ресейге 20 тонна жүзім алып бара жатқан Абубакр Ашуралиевтің айтуынша, орыс шекарашылары 15 көліктің жүгін түсіріп тексерген, бірақ оларды да өткізбеген.

«Күн суық, қар жауып жатыр. Қанша күннен бері көліктің ішінде түнеп жатырмыз», — деді ол.

Ресейдің Кеден қызметінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, мекеме 16-17 қараша күндері тыйым салынған, заңсыз алынып келген тауарларды еліне кіргізбеу мақсатында орыс-қазақ шекарасында арнайы операция жүргізген. Бірақ тәжік көліктері жайында ешнәрсе айтылмаған.

Жүргізушілердің сөзінше, кеден қызметкерлері қарашаның басында Өзбекстан аймағында Тәжікстаннан Ресейге жүзім тасып бара жатқан көліктердің бірінен 200 келі есірткі табылғанын, тәжік көліктері соған байланысты өткізілмей жатқанын айтқан.

Тәжікстанның Уфа қаласындағы бас консулы Саид Эмом бұл мәселені шешу үшін келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Источник

Exit mobile version