Site icon KAZAKBOL

Жүкті болса да түнгі клубта көңіл көтерген Байзақова көптің ашуына тиді

Источник: NUR.KZ

Атышулы блогер Айжан Байзақова жүкті екеніне қарамастан түнгі клубқа баруды қоймаған. Желіде жартылай жалаңаш суреттерімен танылған ару көңіл көтеріп қайтпақ болып, көпшіліктің ашуын туғызды деп жазады NUR.KZ.

Желі оқырмандары аяғы ауыр Байзақованың ішімдік пен темекі түтіні сіңіп кеткен жерге барғанына шүйлікті. Көпшілік атышулы ару жүктілігіне қарамастан өмір сүру салтын өзгертуге ниетті емес деп болжады.

Өзінің Instagram парақшасына ол түнгі клубта билеп жүрген сәтін жариялаған.

«Болашақ ана қазіргі жастардың қалай көңіл көтеретінін біліп қайтпақ болды» , — деген жазба қалдырған ару видеоның астына.

Желідегілер Байзақованың кезекті қылығына таңғалып, өздерінің жағымсыз пікірлерін жаудырған.

«Қандай ерсі көрінеді. Тым болмаса сәл шыдай тұра алмадың ба?», «Жүкті болып клубқа барғаны несі? Балаға обал болды», «Бала өміріне қауіп төндіріп жатқанын білмейді де. Нәрестеге шулы әрі түтін иісі сіңіп кеткен жерде болмаған жөн. Оны дәрігерлер де растайды», «Осы түрі жаман, клубта босанатын сияқтысың» , — деп жазуда көпшілік.

Exit mobile version