Site icon KAZAKBOL

Жалаңаш күйінде лағман созған ер адам желідегілерді шошытты (видео)

Видеодан алынған кадр

Жалаңаштанып отырып лағман созған ер адам желі қолданушыларының жиіркенішін тудырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Желіде егде жастағы азаматтың лағман қамырын қолмен созып отырған сәтінің видеосы пайда болды. Онда жалаңаштанып отырған ер адамның қамырды созарда қолы мен қарын тұсын майлап алып, іске кіріскені байқалады.

Бұл көрініс желі қолданушыларының жиіркенішін тудырды. Адам шошырлық көріністі көргендердің көбі мына жағдайдан кейін лағман асынан мүлдем бас тартатынын алға тартқан. 

 

Exit mobile version