Site icon KAZAKBOL

Жапырақтармен қоректенетін азамат жұрттың таңданысын тудырды

Жапырақ жейтін азамат. Видеодан скриншот

Пәкістанда тұратын 50 жастағы азамат 25 жыл бойы ағаш жапырақтарын азық етіп келеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы storytrender.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мехмуд Батт есімді тұрғын жейтін түгі болмай қатты қиналғаннан амалсыз ағаш жапырағын жеп көреді. Ол елден қайыр сұрағанша, осылайша күн көру әлдеқайда жақсы екенін түсініп, шөпқоректілердің біріне айналған.

«Менің отбасымда жағдай ауыр болғаны соншалық, жейтін тағам да болмады. Көшеде қайыр сұрағанша, ағашты азық еткенім артық деп ойладым», — дейді Мехмуд.

Ол ағашпен коректенуге бір жыл ішінде дағдыланып алған.

«Жапырақтар менің азығыма айналды», — дейді тұрғын.

Бір қызығы, ағашпен тамақтанса да, Мехмуд ешуақытта ауырып көрмеген екен.

«Ол дәрігерді ешқашан қажет етпеген. Осы уақытқа дейін ағаш жеп келсе де, ауырмай жүргеніне аң-таңбыз», — дейді тұрғындардың бірі Мохаммад.

 

Exit mobile version