Site icon KAZAKBOL

Жарқын істердің жаршысы

Қазақ елі өзінің көк байрағын асқақ ұстап, өркениетке қарышты қадам басып келеді.

 

 
Бүгінгі сайлау елдің ынтымағы мен бірлігін арттыра түсетіні айғақ. Сондықтан болар, еліміздің әр өңірінен бұқара халық таңертенменен сайлау участкелеріне ағылып, өз таңдауын жасауда. Жаңадан сайланатын депутаттар еліміздің ұстанған экономикалық бағытын жаңа арнада дамыту үшін атсалысатыны анық, деп санайды Қызылсая ауылындағы «Еңбек» шаруа қожалығының басшысы Жолдасбек Акишев. Бұл туралы zakon.kz жазады.

Біз қым-қуыт жаһандық дағдарыс кезінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл адамдарды да өмірге жаңаша қарауға итермелейді. Қазақ елі өзінің көк байрағын асқақ ұстап, өркениетке қарышты қадам басып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген де, салиқалы саясатының арқасында жаңарудың жаңа жолын таңдап, серпінді дамудың даңғылына түстік.

«Мәңгілік ел» – біздің ұстанған басты мақсатымызға айналды. Жан-жағымызға қарасақ, дүбірлі дүниеде жаға жыртысқан көріністер көз алдыңнан көлбеңдейді. Елдің тыныштығынан қымбат ештеңе жоқ. Мен өзім шағын шаруа қожалығын басқарамын. Осы жылдар ішінде бізге кәсібімізді алға бастыру үшін мемлекет тарапынан қаншама қамқорлықтар жасалып отыр. Ауылдағы шаруалар да мұны сезініп отыр. Меніңше, бұл сайлау адамдардың ортақ мүдде жолындағы топтасуына мол ықпал етеді деп айта аламын, дейді, Ж.Акишев.

Фото:baq.kz

 


 

Exit mobile version