Site icon KAZAKBOL

Жас жазушы Бекболат Тілеуханға ел алдында қадірін одан әрі түсірмеуге кеңес береді

Бекболат Тілеухан

Жер мәселесіне қатысты дау әлі де тыйылар емес. Оған қатысты беделді тұлғалар мен шенеуніктер, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері өздерінің ойларын білдіруде. Осы орайда Фейсбуктегі ең танымал қазақтілді пайдаланушы, жас жазушы, журналист Бейбіт Сарыбай депутат Бекболат Тілеухановқа қатысты пікірін әлеуметтік желіде ашық айтты.

«Абайды аузынан тастамай, аһылап-үһілеп отыратын, ұлтым дегенде Ұрымды толғантып, жұртым дегенде Қырымды қозғалтып жүретін данышпан көке, перзенті анасының үстіне дәрет сындыра береді. Сәби кезінде. Емізіп отырғанында, жұбатып жатқанында сәби анасының үстіне кәк деп қояды. Өйткені ол сәби. Анасы үшін одан асқан бақыт бар ма? Жоқ. Өйткені ол өз сәбиі. Жер – ана. Қазақ – сәби. Баласының кәк дегені ана үшін бақыт. Бұл табиғи нәрсе. «Жер анаң болса, үстіне неге дәретсындырасың» дегеніңізге айтарым осы», — деген жазушы Бекболат Тілеуханға ел алдында қадірің одан әрі түсірмеуге кеңес береді.

«Ал, егер бір қазақ жерді «істепті» дегенді естіесеңіз, жер анаң болса «неге істейсің?» десеңіз күллі қазақ жер болар еді. Ал, «жер істепті» деген қазақ жоқ, жер бетінде жоқ. Демек, кім жер болды? Білмеймін. Бекболат аға, данышпандығың өзіңе. Енді осы аз ғана қадіріңді сақтап қалшы. Өтінем. Қалихан Ысқақтың «Келмес күндері елесі» атты мемуарындағы ұйғыр келіншектің тілімен айтсақ, ондай бір уыс жүн… Тым төмендемейік, тым биіктемейік. Ендігәрі отырмай-ақ қойыңыз, опақ қылмайық. Тұрмай-ақ та қойыңыз, сопақ қылмайық. Беймарал жата беріңіз. Құшағыңызда мандат. Сізге басқа ештеңе қалмады», — деп ойын түйіндеді Бейбіт Сарыбай.

Еске сала кетсек, Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында Бекболат Тілеуханов халықтан «жер сатылады деп даурығып, билікке кінә артпау» керектігін айтқан.

Дереккөз: Nur.kz



Exit mobile version