Site icon KAZAKBOL

Жатақханаға жасырын камера орнатылған оқу орнының проректоры қызметінен кетті

Қоқанд педагогикалық институтының қыздар жатақханасына жасырын камера орнатқан үш қызметкер мен проректор Ойбек Бозоров қызметінен кетті.

Бұл жөнінде Өзбекстанның білім министрлігі хабарлады.

«Министрлік адамдардың жеке өміріне араласқан іс-әрекетті қатаң айыптайды. Бұл студенттердің ары мен қадыр-қасиетіне қол сұғушылық болып саналады», — делінген мәлімдемеде.

Білім министрлігі амалсыздан камераға түсіп қалған қыздарға ешқандай қысымсыз оқуын жалғастыруға кепілдік берілетінін жеткізді.

Осының алдында жатақханаға жасырын камера орнатылғанын көрген қыздар ішкі істер бөлімшесіне шағымданған. Қыздардың осы әрекеттері үшін проректор оларға сөгіс жариялаған.

Құқық қорғау органдары бұл оқиғаны тексеріп жатыр.

Источник

Exit mobile version