Site icon KAZAKBOL

Желідегілер суреттегі ас үйден итті таба алмай әлек болды (фото)

Фото: Facebook/ Christina Suvo

Австралиялық Кристина Суво ерекше сурет түсіріп оны Facebook желісіне салды. Оның айтуынша, суретте ит бар, бірақ желі қолданушылары оны табай алмай біраз басы қатты.

Тіпті үй жануарының қайда тұрғанын нақты білген жағдайда да оны бірден көру мүмкін емес.

Егер сізде иттің қайда жатқанын таба алмай әлек болсаңыз раковинаның қасындағы қара түсті кілемшеге мұқият қараңыз. Кілемнің бетінен бірнеше дақтарды көруге болады, ол иттің көзі, құйрығы және қара түсті иттің құлағының ұштары.


Фото: Facebook/ Christina Suvo

Дегенмен интернетте осы суретке байланысты пікірталас әлі де жалғасуда. Кейбір желі қолданушылары бұл суретте тіпті иттің бар екеніне де сенбейтіндіктерін айтады, және бұл жай ғана бас қатыру үшін түсірілген сурет деп есептейді.

Nur.kz

Exit mobile version