Site icon KAZAKBOL

Жетім балаларды асырап алғандар табыс салығынан босатылады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа салық кодексінің жаңашылдықтары баяндалды.

Жетім балаларды асырап алғандар енді табыс салығынан босатылады. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Жетім балаларды асырап алғандар жылына 2,1 млн теңге табыс шегінде табыс салығын төлеуден босатылады», — деді Дәленов ОКҚ-де өткен брифингте.
Дәленов табыс салығынан ата-ананың тек біреуі ғана әр жыл сайын босатылатынын нақтылады. Аталған норма еліміздегі барлық бала асырап алушыларға қатысты.

«Мүгедек болып қалған баланың ата-анасының біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік (орта есеппен 9 мың теңге) болады. Бұл 76 мың азаматқа қатысты», — деді ол.

Exit mobile version