«Ислам жиһады» тобының лауазымы жоғары мүшесі Кадер Аднан Израиль түрмесінде жариялаған аштықтың 86-күні қайтыс болды. Оған терроризм айыбы тағылған.
Израиль түрме қызметінің хабарлауынша, мекеме қызметкерлері қамаудағы азаматтың камера еденінде ес-түссіз жатқанын көрген. Ауруханада Кадер Аднанды құтқарып қала алмады. Бұның алдында Аднанның денсаулығы астан бас тартуына байланысты күрт нашарлаған, бірақ ол медициналық көмектен бас тартқан.
«Ислам жиһады» радикал тобының мәлімдеуінше, Изариль Аднан ажалы үшін жауап береді. Палестина автономиясының премьер-министрі Мұхаммед Штайе Израиль билігін Аднанды қасақана өлтірді деп айыптады.
Кейінгі 20 жылда Кадер Аднан Израиль түрмесіне бірнеше мәрте түскен. Ол түрмеде билік әрекетіне наразылығын аштық жариялаумен білдірген.
Бесінші — ең соңғы аштығын Аднан шамамен үш ай бұрын бастаған. Ол Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Арраба қаласындағы үйінде ұсталған. Оған терроризм айыбы тағылған. Қылмыстық іске қатысты сот мамырда өтуі тиіс болған.
Аднанный әйелінің айтуынша, ол дәрігерлердің түрмеде көмек көрсетуінен бас тартып, ауруханаға жеткізуін талап еткен. Израиль билігі оған адвокат жібермеді, деп хабарлады BBC.