Щучинскіде бірнеше күн бойы сиырлар көше кезіп жүр.
Щучинскіде сиырлар бірнеше күн бойы қала көшелерін кезіп жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан Щучинск орталығында сиырлардың жайбарақат қыдырып жүргенін көруге болады. Әрі үй жануарларының жол ережесін бұзбағаны тәнті етеді. Әсіресе қала тұрғындарын малдардың көшені жаяу жүргіншілер үшін белгіленген жерден кесіп өткені сүйсіндірді.

