Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қаңтар оқиғасы: Органдардың 29 қызметкері азаптау ісінде күдікті саналды

KAZAKBOL.COM

Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметің 29 қызметкері Қаңтар оқиғасы кезінде қамалғандарды азаптады деген күдікке ілінген. Бұл жөнінде 7 қарашадағы брифинг кезінде бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов хабарлады.

«Алматы мен Талдықорған қалаларындағы тергеу кезінде рұқсат етілмеген әдістерді қолданғаны үшін құқық қорғау органдарының сегіз қызметкерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді» деп мәлімдеген Қилымжанов «азаптау» деген сөзді қолданған жоқ.

Бас прокуратура өкілінің мәліметіне қарағанда, тағы 20 күдікті іс материалымен танысып жатыр. Тағы бір күдікті ісі бойынша тергеу жалғасады.

Бұған дейін Алматы облысында 25 адам Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу барысында ыстық үтік басып, азаптау ісі бойынша жәбірленуші ретінде танылғаны туралы хабарланған. Тағы бір хабарда тергеу кезінде рұқсат етілмеген әдісті пайдаланды деген күдікке 15 адам іліккені туралы ақпарат тараған. Азап көріп, жәбірленгендердің жалпы саны бұған дейін айтылған емес.

Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы кезінде мыңдаған адам ұсталып, жүздеген адам тергеу орындарында азапталғанын мәлімдеген. Қамауға алынғандардың көпшілігі ыстық су құйылып, ыстық үтік басылғанын, электрошокермен соққанын, қатыгездікпен ұрып-соққанын айтқан. Азаптау әрекеттерін бастапқыда жоққа шығарған билік әлеуметтік желі арқылы тараған айғақтардан кейін мойындаған.

Азап көргендер мен олардың туыстары құқық қорғау органдары қылмыстық істі жылжытпай отырғанын бірнеше мәрте айтқан.

Өткен аптада Қазақстанның адам құқығы жөнінегі уәкілетті өкілі Эльвира Әзімова азаптау істерінің 80 пайызы тоқтатылғанын мәлімдеген.

Ресми мәліметке қарағанда, Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда кемі 238 адам қаза тапқан, оның көбі — қарапайым адамдар, қаза болғандар арасында күштік құрылымның 19 қызметкері бар. Алты адам түрмедегеі азаптау әрекетінен қаза болған.

Қазақстан құқық қорғаушылары мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қаңтар оқиғасы бойынша халықаралық тергеу жүргізіп, халықаралық сарапшыларды іске араластыруға шақырған. Ақорда мұндай ұсыныстардан бас тартқан.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM