Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қазақстандық ауыр атлет Рахимов Рио олимпиадасының алтынын қайтарып береді

KAZAKBOL.COM

22 наурызда Спорттық арбитраж соты (CAS) қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимовтің допинг мәселесіне қатысты ісін қарап, Рио олимпиадасындағы алтын медалін қайтарып алу туралы шешім шығарды.

Атлет сегіз жылға спорттан да шеттетілді.

CAS Рахимов «рұқсат етілмеген әдіс арқылы допинг ережесін бұзған» деген шешімге келген.

Рахимовтің 8 жылдық шектеу жазасы 2021 жылдың 18 қаңтарынан басталады. Сондай-ақ 2016 жылдың 15 наурызы — 2021 жылдың қаңтары арасындағы барлық нәтижесі жойылады. Рахимов екінші рет допинг ережесін бұзды деп айыпталғандықтан сегіз жылға спорттан аластатылды.

Әзербайжанда туып, Қазақстан азаматтығын алған атлет 2016 жылы тамызда Рио олимпиадасында 77 келіде чемпион атанған еді.

Былтыр 18 қаңтарда Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) мен Халықаралық допинг сынағы агенттігі (ITA) Нижат Рахимовке 2016 жылдың ішінде антидопинг ережесін бұзып, «несеп анализін ауыстырған» деген айып таққан. Осы айыптан соң Рахимов бірден жарыстардан шеттетілген. Ал IWF Спорттық арбитраж сотына шағым түсірген. Рахимов желіге видеолар жариялап, барлық айыпты жоққа шығарып келген.

Рахимов Рио олимпиадасында жұлқа көтеруде 165 келі, серпе көтеруде 214 келі (сол кездегі әлем рекорды), қос жаттығу бойынша 379 келі еңсеріп, олимпиада чемпионы атанған еді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM