Канадалық Centerra Gold Inc. компаниясы Қырғызстанның алтын шығаратын Құмтөр кенішінен кетуге дайын екенін, бірақ Бішкектен компания үлесінен бас тартуды сұраған.
Женевада 28-30 қыркүйек аралығында Қырғызстан үкіметі мен Centerra Gold Inc. компаниясы арасында келіссөздің бірінші кезеңі өткен.
«Қазір біз кенішті өзіміз өндіріп жатырмыз. Болашақта да солай істейміз. «Центеррамен» келіссіз кезінде нәтижесін жарияламаймыз деген келісімге қол қойдық. Олар Құмтөрден кетуге дайын. Бірақ біздің 26% үлесімізді сұрап отыр. Бірақ біз бұлай болмайды дедік. Ең бастысы бір-бірімізді тыңдадық. Енді келесі қадам қалай болатынын көреміз», — деп мәлімдеген Жапаров.
Centerra Gold Inc. компаниясының баспасөз қызметі үкімет басшысының мәлімдемесіне қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Құмтөр – Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Жыл сайын одан 15-17 тонна алтын өндіреді. Бұл кенішті Centerra Gold Inc. компаниясы басқарып келген. Биыл жыл басында парламент кенішке сырттай бақылау орнатқан. Кенішті сыртқы басқарушы болып Тенгиз Болтурук тағайындалған.
Қырғыз тарабы канадалық компанияға 4 млрд 252 млн доллар айыппұл салып, канадалық компания о бастан коррупция арқылы кенішті иеленді деп мәлімдеп келеді. Ал компания мұны теріске шығарады.
KAZAKBOL.COM