Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің бірлескен әскери жаттығуына қатысу үшін 5 қыркүйекте Қазақстан әскері Қырғызстанның 20636 әскери бөлімшесіне барды. Бұл туралы Қырғызстанның қорғаныс министрлігі хабарлады.
Қырғызстандағы «Эдельвейс» полигонында «Рубеж-2021» деп аталатын әскери жаттығу 7-9 қыркүйекте өтеді. Оған Ресей жетекшілік ететін ҰҚШҰ -ға мүше елдердің армиясы қатысады. Бұл шара Ауғанстандағы жағдайға байланысты Қырғызстанда және Тәжікстанда өтіп жатыр.
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.
KAZAKBOL.COM