Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қырғызстанда кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматты абақтыда азаптаған

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанда Азаптауды ескерту жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлерінің мәлімдеуінше, Жалал-Абад облысы Ноккен ауданының тергеу изоляторында бір қызды зорлап, одан соң өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматты аяусыз азаптаған.

Ұлттық орталық мәліметінше, тергеу изоляторындағы күдіктіні азаптауға Ноокен ауданы ішкі істер бөлімшесінің бірнеше қызметкері қатысқан. Күдіктінің денесінде көгерген іздер қалған.

«Оның беті мен денесінде көгерген іздер анық көрініп тұр. Күдіктінің айтуынша, оны аудандық ішкі істер бөліміне 10 қарашада алып келген. Тергеу кезінде ол кісі өлтіргенін мойындаған. Басқа да қылмыстарды мойындату мақсатында оны екі күн бойы түрлі әдістермен азаптаған, резіңке тоқпақпен зорлаған. 12 қарашада күдіктіні тергеу изоляторына қамаған. Ұлттық орталық қызметкерлері күдіктінің денесіндегі көгерген іздерді суретке түсіріп, азаптау оқиғасы туралы арыз толтырды. О.А. денесіндегі іздерді медициналық сараптамамен растау, Стамбұл хаттамасын толтыру үшін жедел жәрдем шақыртылды. Күдікті кісі өлтіргенін ғана мойындады», — деп хабарлады ұлттық орталық.

Алайда орталық қызметкерлерінің тергеу изоляторында хаттама толтыруы кезінде абақтыға өлген қыздың туыстары кіріп, мамандардың жұмысына кедергі жасауға тырысқан.

Бұған қоса, күдіктіні дәрігерлерге әлі толық тексертпеген, оған медициналық көмек көрсетпеген.

Милиция Азаптауды ескерту жөніндегі ұлттық орталық мәлімдемесіне әзірге жауап берген жоқ.

Бас құзырлы орган мәліметінше, 2019-2021 жылдар аралығында Қырғызстанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері 63 азаптау қылмысын жасағаны тіркелген. Алайда азаптауға қатысты 12 іс қылмыс құрамы жоқтығына байланысты тоқтатылған.

2012-2021 жылдар аралығында құқық қорғау органдарының 18 қызметкері кісі азаптады деп танылған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM