Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 30 маусымда Ыстықкөл жағалауында жаңа Асман қаласының алғашқы кірпішін қалады.
Мемлекет басшысының айтуынша, билік «экономикалық және туристік орталыққа» айналатын «инновациялық қала» тұрғызғысы келеді.
Асман қаласын салудағы басты мақсат — Қырғызстанда туризмді дамыту және елдің инвестициялық мүмкіндігін арттыру. Президенттің пікірінше, мұндай жоба елдің туристік және инвестициялық әлеуметін арттырады.
«Асман қаласы Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын қаржы хабына айналады! Құмтөр ел экономикасын алға жылжытса, осы қала мен «Тамчы» арнайы экономикалық аймағы еліміздің экономикалық локомотивіне айналады» дейді Жапаров.
Президенттің айтуынша, қала жобасын дайындауға және оның құрылысын бастауға бюджеттен бір тиын да жұмсалған жоқ. Шетел инвесторлары осындай ірі жобаны жүзеге асыруға қызығып отыр.
Мәліметтерге қарағанда, Асман қаласын салуға 20 млрд доллар жұмсалады. Алғаш инвестор — Promise Land корей компаниясы жаңа қала құрылысын бастайды. Инвестор бұл жобаға 1 млрд доллар құюға дайын.
Асман қаласы 4 мың гектар жерде бой көтереді. Жаңа қаласында 500-700 мың адам тұрады. Асман Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында, Тору-Айғыр ауылы мен Чырпықты ауылы арасында орналасады.
KAZAKBOL.COM