Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ҒАЛЫМДАР ВИЧ-ТІ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

KAZAKBOL.COM

Елімізде 20 мың адам иммун тапшылығы вирусын, яғни ВИЧ жұқтырған. Бұл дерттің алдын алып, емдеу үшін отандық мамандар бірегей жобаларды іске қосуда. Ал оған шетелдіктер қызығушылық танытып отыр. ВИЧ-инфекция мәселелеріне арналған шарада тағы не айтылды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Саналы ғұмырын Адамның иммун тапшылығы вирусын емдеуге арнаған әлемнің жүздеген белді дәрігерлері Алматыда бас қосты. Шараны ВИЧ індетін зерттеу қауымдастығы ұйымдастырды. Осымен төртніші рет өтіп отырған ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты жаһандық індеттің алдын алу және оны емдеу. Мамандар қауіпті дертті анықтап, оны емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады.

ЖАННА ТРУМОВА » АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бұл конференцияның пайдасы көп. Науқастарға сапалы ем-дом жасау үшін мамандар да білікті болуы керек. Біз медициналық кадрларды, соның ішінде дәрігерлер мен медбикелерді дайындаудың инновациялық тәсілдерін талқылаудамыз».

Елімізде ВИЧ-ті жұқтыруға жол бермеуді көздейтін жедел шаралар бағдарламасы бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. «90-90-90» жобасының өзіндік мақсаты бар. Осы дертке шалдыққан адамдардың 90 пайызы 2020 жылға қарай өздерінің статусын біліп, нәтиже беретін ем алулары тиіс.

ГҮЛЖАХАН АХМЕТОВА «ҚАЗАҚ ДЕРМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ» РМК БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: «Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған 20 мыңға жуық адам аймақтардағы ЖИТС орталықтарда диспансердік есепте тұр. Олар өмір бақи антиретровирусты ем алады. Бұл олардың өз өмірі мен денсаулығын сақтауға және аймақтағы ВИЧ инфекцияны бақылауға алуға септігін тигізеді. Егер біз науқастардың 90 пайызыне мдеуге алып, жақсы нәтижеге қол жеткізетін болсақ індеттің жаңадан таралуының алдын аламыз».

Қазақстанда ВИЧ-инфекциясының алдын алу үшін жыл сайын 3 миллион адам тексеріледі. Кез келген азамат қан тапсыру арқылы өз денсаулығы туралы ақпаратты біліп, қажет болған жағдайда тегін медициналық көмек ала алады.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM