Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қаңтар оқиғасына қатысты қоғамдық комиссия жетекшісі «азаптау көбейгенін» айтты

KAZAKBOL.COM

Қаңтар оқиғасын тергеу жөніндегі «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының төрағасы, адвокат Айман Омарова осы оқиғадан кейін «азаптаудың көбейгенін» айтады. Ол бұл туралы Tengrinews сайтына берген сұқбатында айтқан.

«Жай күндері мұндай іс көп емес, сондықтан азаптаулардың қалай өтетіні көзге аса көрінбейтін. Ал бұл жолы жаппай болып жатыр» дейді адвокат.

Жақында билік 7 қаңтарда «шамадан тыс күш қолдану», заңсыз ұстау, азаптау мен дөрекі қарым-қатынастың ықтимал жағдайларын мойындаған еді.

Күш құрылымдары «адам сол жерде [митингте] жүрсе, демек жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген тұжырым жасап отыр» дейді. «Оның сол жерде жүргенін негізге алып, оны терроризм я жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыптап отыр» дейді Айман Омарова.

Бұған дейін бас прокуратура полицейлердің «тергеу кезінде заңсыз әдіске жүгінуі» бойынша 148 шағым келіп түскенін хабарлаған. 105 фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қаңтар оқиғасына қатысты 10 мыңға жуық адам ұсталып, жүздегені қамауға алынған. Үш мыңға жуық іс тергеліп жатыр.

Қазақстан билігі қаңтар қырғынында кемінде 227 адамның қаза болғанын хабарлағанмен. олардың аты-жөнін әлі күнге дейін жарияламады. Құқық қорғаушылар биліктің шамадан артық күш қолданғанына, халыққа оқ атуына, ұсталғандардың азапталуына алаңдап отыр.

Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, тергеу изоляторларында азаптауға ұшыраған адамдар туралы мәлімет көп шығып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM