Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қаңтар оқиғасына байланысты қамалғандардың туыстары әділ сотты талап етті

KAZAKBOL.COM

29 наурызда Алматыдағы «Партнер» бизнес орталығында Қаңтар көтерілісіне байланысты туысы қамалғандар баспасөз жиынын өткізіп, қамауда отырғандардың сотының ашық, офлайн түрде өтуін және үкім шыққанға дейін кепілдікпен босатуды талап етті.

Баспасөз мәслихатын «Атажұрт жастары» ұйымы ұйымдастырған.

Белсенді Әсет Оңалбаев Қаңтар көтерілісіне байланысты Талдықорғанда 91 адамның қамауда отырғанын, 80 пайызының 15-25 жас аралығындағы жастар екенін айтты.

272-баппен — 13 адам, 287-баппен – 25 адам, 291-баппен – 28 адам, 188-баппен – 24 адам, Алматы облысы бойынша барлығы 91 адам қамауда жатыр. Біздегі бірінші мәселе – қаңтар оқиғасына байланысты үстінен іс қозғалған азаматтардың баптарын жеңілдету. Жазаны жеңілдетуді президент бір емес, екі рет айтты. Бұл процесс прокурор мен тергеушінің екеуара келісімі арқылы шешілуі керек еді. Бірақ олар «сот шешеді» деп президент тапсырмасын орындамай отыр, — деді ол.

Баспасөз маслихатына келген 50-ге жуық ата-ана түгел сөйледі. Барлығы жақындарының ұсталған кезде азап көргенін, кейбірінің психологиялық қысымға ұшырағанын айтып, президентке бірнеше талап қойды. Арасында карантиннің жеңілдетілуіне байланысты сотты ашық әрі офлайн өткізу, жас баласы бар немесе кәрі ата-анасының асыраушысы болып отырған азаматтарды кепілдікпен босату, қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп немесе басқадай жағдайда жарақат алып, мүгедек болып қалған азаматтардың отбасыларына үкімет тарапынан көмек көрсету бар.

Жиын соңында жиналғандар президент атына арнайы үндеу жасады.

Қаңтардың басында елде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты митинг өтіп, бұл наразылықтың соңы қантөгіске ұласқан. Ресми дерек бойынша, 230 адам қаза болды. Қаза тапқандар арасында күштік құрылымның 19 қызметкері бар. Билік опат болғандардың есімін жарияламады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM