Қазақстан билігі биыл 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр — Жеңіс күні әскери парад өткізуден бас тартты. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігі хабарлады.
«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына, сонымен бірге 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парадтар өткізу жоспарланбаған», – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, елде бұл күндері елу шақты «әскери-патриоттық іс-шаралар» ұйымдастырылады.
Қазақстан билігі 2020 және 2021 жылдары да Жеңіс күні әскери парад өткізген жоқ. Мұндай шешім коронавирус індетіне байланысты қабылданды.
Былтыр президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Берік Уәли Жеңіс күніне жоспарланған салтанатты шаралар 2022 жылға шегерілгенін хабарлаған.
KAZAKBOL.COM