Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы өткізу бекетінде жүк тасымалының шамадан тыс көптігінен бақылау күшейтілген. Бұл жөнінде Қазақстан қаржы министрлігінің кіріс комитеті мәлімдеді.
Мекеме мәліметінше, тараптар проблеманы шешу үшін тиісті шараларды қолға алуға келіскен.
«Біршама тұрып қалған жүк көліктерін қайта жөнделіп жатқан кеден бекеттері арқылы өткіздік. Қазір өткізу бекеттерінде бақылау барынша күшейтілді. Бақылау операциясын жылдам жүргізу үшін қосымша штаттар алынды. Қазір тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшті», — делінген хабарламада.
Өзбекстан мен Қазақстан жүк және көлік құралдарын өзара өткізуді ұлғайту жөнінде келісімге келген.
Әдетте мамыр айында көкөністерді Қазақстанға тасымалдау көбейеді. Тауар Қазақстан арқылы Ресейге жөнелтіледі. Қазір Түркістан облысындағы өткізу бекетінде күніне 900-1000 жүк көлігі Қазақстанға өтіп жатыр.
KAZAKBOL.COM