Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қазақстан мен Өзбекстан төтенше жағдайлардың алдын алып, салдарын бірге жоюға уағдаласты

KAZAKBOL.COM

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық жөнінде Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасында келісім жасалды. Келісімге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың Нұр-Сұлтанға ресми сапары кезінде қол қойылған. Бұл жөнінде akorda.kz хабарлады.

Биыл 1 мамырда Мақтарал ауданына жақын Өзбекстанда Сардоба су қоймасы жарылып, төтенше жағдай жарияланған. Соның салдарынан Түркістан облысының Мақтарал ауданында 845 үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медицина ғимараты мен мәдениет үйі және 54,7 км көпір мен жолды су алған. Мұнан өзге 7639 га егістік су астында қалған.

Осыған байланысты Қазақстан Өзбекстанға наразылық нота жолдап, Түркістан облысының 10 ауылын суға кетірген Сардоба су қоймасындағы апат жайлы толық ақпарат беруді талап етпек болған. Қазақстан ақпарат құралдары экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громовтың сөзінше, халықаралық норма бойынша, шекара бойындағы суға салынатын гидротехникалық құрылыс жайлы шектес мемлекеттерге хабар алысып, өзара келісілуі тиіс. Ал Сардоба су қоймасы Қазақстанның келісімінсіз салынған.

Өзбекстан Сардоба су қоймасынан зардап шеккен Қазақстан елдімекендеріне техника жіберіп, зардабын жоюға көмектескен еді. Су қоймасының жарылуынан Өзбекстанның өз жері де зардап шегіп, ондаған мың адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған.

Ақорда хабарына қарағанда, бүгін 6 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізген.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттің ара қатынасына «қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада бұрын-соңды болмаған шыңдарға көтерілді» деп бағалаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзияев келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтық байланыстар туралы декларацияға қол қойған.

Бүгін Қазақстанға ресми сапармен келген Шавкат Мирзяев биыл екінші мерзімге президент болып сайланып, 6-қарашада ант қабылдаған еді. Батыс бақылаушылары Өзбекстандағы президент сайлауы сайлаудың бәсекесіз өткенін айтты.

Шавкат Мирзияев 2016 жылы авторитар басшы Ислам Каримов қазасынан кейін президент болған. Ислам Каримовке қарағанда жұмсақ саясат жүргізе бастаған Мирзияев саяси және экономикалық реформа жүргізге уәде берген, бірақ басым бөлігі орындалмаған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM