Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қазақстанда Қаңтар оқиғасына байланысты 300-ден астам адамға сот үкімі шыққан

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда Қаңтар оқиғасына байланысты 331 адамға сот шешімі шыққан, 500-ден астам адам күдікті ретінде қамауда отыр. Бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов 1 маусым күнгі брифинг кезінде осылай деп мәлімдеді.

«Жалпы елде Қаңтар оқиғасына байланысты 5 065 сотқа дейінгі тергеу амалы тіркелген. 514 күдікті сот санкциясымен қамауда отыр» деді Елдос Қилымжанов.

Оның сөзіне қарағанда, 337 қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Бас прокуратура өкілі сәрсенбілік брифинг кезінде 4 қаңтарда Алматыда болған оқиғаға тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, сол күні кешкі сағат 6 мен 8 аралығында азаматтар қаланың батысында – «Алматы Арена» спорт кешеніне, шығысында «Халық Арена» стадионы маңына жиналған. Қилымжановтың айтуынша, кешкі 9-дар шамасында «ұйымдасқан» екі топ бір мезетте «қала әкімдігіне қарай жылжи бастаған».

«Абай, Төле би көшелері бойымен жүрген топ жүріп келе жатып өздеріне адамдарды тартқан, таяқ, тас, арматурамен қаруланған. WhatsApp және Telegram арқылы топтар бағытын үйлестіріп, жылжып отырған. Санаулы сағаттың өзінде бір мессенжер тобындағы адамдар саны 140-тан 5 500-ге дейін көбейді. Нәтижесінде түн жарымында әкімдік алдындағы орталық алаңға жаңа айтылған орындардан ондаған мың адам жиналды» деді Қилымжанов.

Оның айтуынша, «ашулы топ алаңдағы ғимараттар мен мүліктерді, тұрақтағы көліктерді де талқандап, өртей бастаған. Бүлікке қатысқандар полиция қызметкерлері, әскерилерге шабуыл жасап, жолды жапқан, көлік құралдарын өртеп, адамдарды тәртіпсіздікке, тонауға бейімдеген». Қилымжанов сонымен бірге қару-жарақ дүкендерінің тоналғанын, бақылау камераларының жойылғанын айтты.

  • Қаңтардың басында елде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты митинг өтіп, наразылықтың соңы қантөгіске ұласқан. Билік шетелде дайындықтан өткен «террористер шабуылы» туралы айтты, бірақ оған дәлел-айғақ келтірген жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымға ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін мәлімдеді. Ол сонымен бірге елде билікті күшпен басып алу талпынысы болғанын айтып, алайда оны кім ұйымдастырғанын нақтыламады.
  • Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасында 230 адам қаза болды. Бұған қоса, оқиға кезінде ұсталған тағы сегіз адамның тергеу изоляторында көз жұмғаны белгілі болды. Билік қоғам талабына қарамастан опат болғандардың есімін және олардың қандай жағдайда қаза болғаны жайлы ақпаратты жарияламады.
  • Қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін мыңдаған азамат ұсталып, жүздеген адамға «терроризм», «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру», «заңсыз қару-жарақ сақтау» секілді айыптар тағылды. Қамауда болғандардың арасында азапталғанын айтып шағымданғандар көп, бірақ оларды азаптау фактісі бойынша ұсталғандар некен-саяқ.
  • Қаңтар оқиғасынан кейін қамауда болған жүздеген адам өздерінің азапталғаны жайлы айтып, 234 іс қозғалған. Алайда, әзірге күштік құрылымның тек 11 өкілі күдікті деп танылған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM