29 шілде күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 1472 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 644 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Нұр-Cұлтан қаласында — 226, Шығыс Қазақстан облысында — 211, Алматы қаласында — 208, Қарағанды облысында 107 адамнан коронавирус табылған. Қалған облыстарда бір тәулікте анықталған вирус жұқтырғандар жүзден аспайды.
Аймақтар бойынша жағдай мынадай:
- Алматы қаласы — 11 444 (+208 адам жаңадан қосылды),
- Атырау облысы — 10 175 (+64),
- Нұр-Сұлтан қаласы – 10 796 (+226),
- Қарағанды облысы – 8 412 (+107),
- Шығыс Қазақстан облысы – 6 075 (+211),
- Батыс Қазақстан облысы — 5 639 (+79),
- Шымкент қаласы – 4 839 (+55),
- Алматы облысы – 4 257 (+69),
- Жамбыл облысы – 3 443 (+52),
- Ақтөбе облысы – 3 004 (+24),
- Павлодар облысы – 3 052 (+65),
- Қызылорда облысы – 2 913 (+54),
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2 977 (+65),
- Маңғыстау облысы – 2 836 (+44),
- Түркістан облысы – 2 721 (+23),
- Ақмола облысы – 2 532 (+59),
- Қостанай облысы – 2 549 (+67).
Ресми дерек бойынша, елде барлығы 87 664 адамға коронавирус жұққан. 57 815 адам жазылған. 28 шілде күнгі мәлімет бойынша, COVID-тан 793 адам қайтыс болған.
Осы аптада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанын, вирус жұқтырғандар азайып, ауруханалардағы орындардың босағанын айтқан.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 шілдеде вирус қаупі сейілмегенін айтып карантин шараларын тағы екі аптаға созған.
KAZAKBOL.COM