Қарағанды облысы Саран қаласының соты Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған танк-ескерткішке Z белгісін салған тұрғынды 7 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Бұл жөнінде соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Оны ұсақ бұзақылық бабы бойынша айыптаған. Қамалған адамның аты-жөні айтылмайды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 54 жастағы ер адам кінәсін мойындап, өкінетінін білдірген.
Z әріпі Ресейдің Украинаға басып кіруінің ресми емес белгісі болып саналады. Бұл символ әдетте соғысты жақтаған акцияларда қолданылып келеді.
Қазақстан ресми түрде Z әріпін жарнамалауға тыйым салған емес. Бірақ көліктеріне Z белгісін қойып жүрген жүргізушілерге айыппұл салынды.
KAZAKBOL.COM